Ресей, 420029, Қазан қаласы, Сибирский тракт 34, корпус 2 // Тел.: +7.843.260.97.78

Сүт

Сүттің сапасын сақтаудың негізгі шарттарының бірі - оны уақтылы және дұрыс салқындату. Біз бұл міндеттерді мұз жинақтау жүйелерін немесе арнайы буландырғыштарды қолдануға негізделген заманауи және энергия тұрғысынан тиімді шешімдердің көмегімен жүзеге асырамыз. Салқындату нәтижесінде "мұзды" судың температурасы нөл бүтін оннан бес градус Цельсийді құрайды және бұл технологиялық процестерде сүтті тиімді салқындатуға мүмкіндік береді.

Винтерком Компаниясы

сүт өңдеу кәсіпорындарын салқындату жүйелерімен жабдықтаумен табысты айналысып келеді
Жаңа өндірістерде өндіріс көлемінің өсу перспективаларын ескере отырып, салқындатудың аралас схемасын енгізуді ұсынамыз. Біздің мамандар нысанға барып, жылу жүктемелерінің кестесі мен шикізат айналымының көлемін зерттейді және барлық кіріспе деректерді ескере отырып, оңтайлы шешімдерді ұсынады. Осылайша, орын тапшылығы жағдайында контейнерлік жеткізілімге тапсырыс беруге болады. Тоңазытқыш машиналар мен жылу алмасу аппараттары көлік өлшеміндегі контейнерлерге орнатылып, жеткізіледі және қысқа мерзімде қолданысқа енгізіледі.
Іске асырылған жобаларды монтаждау, іске қосу және жөндеу, сондай-ақ, техникалық қолдау 24/7 жүзеге асырылады. Біз жеткізілген жабдыққа техникалық қызмет көрсетудің толық кешенін ұсынамыз. Ішкі қорларды іздеу үшін техникалық аудит жүргіземіз, менеджментке пайдаланудың тиімділігін арттыруға көмектесеміз. Шығындарды оңтайландыру мақсатында біз тоңазытқыш жабдықтарының қашықтан бақылау жүйесін енгіземіз. Бұл нақты уақытта кәсіпорынның тоңазытқыш шаруашылығындағы жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.
Жоспарланбаған жылу ағыны, желідегі кернеудің ауытқуы, жабдықтың тоқтауы секілді штаттан тыс жағдай туралы ақпарат тіркеліп, барлық қол жетімді байланыс арналары арқылы жауапты тұлғаларға беріледі.
Бізде көп жылдық мол тәжірибе және серіктестерімізбен бөлісетіндей ақпарат бар. Винтерком компаниясынан сүтті салқындату жүйесін сатып ала отырып, сіз сенімді серіктес, білікті мамандар командасын табасыз.
Сұранысыңызды қысқаша сипаттаңыз, содан соң менеджерлеріміз сізге жақын арада хабарласатын болады.
Please do not fill this field!
Please do not fill this field!
Біз Ресей Федерациясында, Қазақстан Республикасында және Өзбекстанда жұмыс істейміз. Бізге жүгінген соң, біріккен жұмысымыздың нәтижелеріне көңіліңіз толатынына және бізбен жаңа техникалық шешімдерді іске асыру үшін қайтадан байланысатыныңызға сенімдіміз.
Fuse
Ресей, 420029, Қазан қаласы, Сибирский тракт 34, корпус 2 / Тел.: +7.843.260.97.78
© Wintercome. All rights reserved. Design by Generalov.NET.